МОТИВАЦИЯ!
ТРАНСФОРМАЦИЯ!
ЛИДЕРСТВО!

БІЗ ЖАЙЛЫ

«Amanzhol Corporation» корпорациясы – қазақ тіліндегі бизнес-тренинг жүргізуді бастаған алғашқы корпорация. Қазақстан нарығында 10 жылдан астам тәжірибесі бар.Корпорацияның президенті Аманжол Рысмендиев халықаралық деңгейдегі трансформациялық бизнес-тренер, мотивациялық оратор,тұңғыш бизнес кітаптардың авторы,Б.Момышұлы атындағы медаль иегері. Құрамында 4 компания бар бұл кор- порацияда 50-ге жуық қызметкер тұрақты түрде жұмыс істейді.

Тренингтік бағыт – компанияның ең негізгі саласы. Түрлі тақырыптағы бизнес-тренингтер көздеген мақсаттарға кедергісіз тез жетудің басты тактикаларын, стресс пен қорқыныштан, жалқаулықтан құтылудың жолдарын, сәтсіздік пен кедейліктен арылудың айла-тәсілдерін меңгеріп, сапалы өмір сүруге көмектеседі. Тұлғалық даму бойынша Аманжол Рысмендиевтің авторлық бағдарламалары өткізіледі. Семинар-тренингтер психология, отбасы, бала тәрбиесі мен кәсіптік бағдар т.б. тақырыптарды қамтиды. Тренингке қатысушылар 70%-ы келесі бағдарламаларға қайта келіп қатысуда.

«PRIDE MEDIA» – заманауи технологиянықолдана отырып, кәсіби жарнамалық видеороликтер,бейнеклиптер мен фильмдер түсіретін компания. Бұл компания құрамында білікті, тәжірибелі операторлар, сценаристер, режиссер, монтажер, редакторлар жұмыс істейді.

«LEGEND» маркетинг-брендтік агенттігі компаниялардың және жеке тұлғаның бредингін қалыптастырумен айналысады. Сондай-ақ компания интернет-жарнамалық қызмет түрлерін ұсынады.

«Ай-Ат» – бизнес-кітаптар, кәсіпкерлерге арналған аксессуарлар сататын дүкендер желісі. Кәсіпте, өмірде өрлеймін деген жандар үшін Қазақстан бойынша ешбір дүкенде жоқ шетел авторларының бестселлерлері мен аудармаларын, Аманжол Рысмендиевтің бизнес кітаптарын, бизнесмендер мен бизнес-ледилерге арналған ең сапалы, әдемі аксессуарларды «Ай-Аттан» таба аласыздар.

«Благотворительный фонд»